Шілдеде бірқатар облыста қуаңшылық болады

Malim Админ

  • 07.07.2021

Шілде айында Қазақстанның бірқатар облысында қуаңшылық болуы мүмкін. Бұл жөнінде «Қазгидромет» баспасөз қызметі хабарлады.

«Статистикалық болжамдар бойынша, өте қатты қуаңшылық Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар) Ақтөбе (Новороссиск, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Пресногорьковка, Қараменді, Амангелді), Атырау (Құлсары), Маңғыстау (Ақ құдық), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) облыстарының жекелеген аудандарында болады деп күділуде», - делінген «Қазгидромет» мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек, маусым айында болған жауын-шашынның нәтижесінде Батыс Қазақстанның Жалпақтал, Жәнібек, Орда аудандарында, Шығыс Қазақстанның Бақты және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандарында тұрақты ылғалды ауа райы болады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан малға жем-шөп тауып беру қиындаған. Жергілікті шаруалар малдың аштан қырылып жатқанын айтып, дабыл қаққан. Бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғыны Қосқали Тындырғанов Malim.kz тілшісіне аймақта малдың әлі қырылып жатқанын, шөптің бір түгі 15 мың теңгеге, кебектің бір қабы 2 мың теңгеге саудаланып жатқанын айтқан.

«Жағдай нашар. Мал әлі қырылып жатыр. Соңғы екі жылдан бері жауын мен қар жоқ. Шаңды дауылдар ғана болады. Мал түгілі адамдар ауылдан безгелі тұр. Шөптің бір түгінің ең арзаны 15 мың. Кебектің бір мөшегі 2 мың теңге тұрады. Мал облыста қыстан бері өле бастады ғой. Жергілікті биліктің мал шығыны бойынша есебі өтірік. Жемді кәсіпкерлер көрші облыстардан алып кеп сатып жатыр. Облыстағы шенеуніктер оны фотоға тартып алып әлеуметтік желіге салады. Жұмыс жасап жатырмыз деген түрлері ғой. Кәсіпкерлер жем-шөпті қымбатқа сатып жатыр. Жем-шөп алуға шаруалардың субсидиямен жол шығынын көтерсе деп едік. Олай істесе жем-шөп арзандаушы еді», - деген Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау ауылында тұратын белсенді Қосқали ТЫНДЫРҒАНОВ Мalim.kz сайтының тілшісіне.  

Маңғыстау облысынан бөлек, Жамбыл және Қызылорда облыстарының бірқатар аудандарында қуаңшылық салдарынан мал азығы қымбаттаған. 

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты