Солтүстікте ауыл мен көше аттары қазақыланады

Олжас Қасым

  • 14.01.2021

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мен көше аттары қазақыланады. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданындағы Ленин ауылдық округі мен Ленино ауылыны аты Бике болып өзгереді. Яғни округтің де, ауылдың да аты Бике болмақ.

ҚР-ның 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4-ші тармақшасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешім қабылдаған.

Енді бұл шешімнің орындалуын жергілікті әкімдік пен мәслихат апараты қадағалауы тиіс.

Сондай-ақ, облыстың Шал ақын ауданы әкімдігі мен мәслихатының қаулысы мен шешіміне сәйкес Сергеевка қаласының көшелерінің аты да өзгереді.

Новая көшесін Ульфат Дүйсенов көшесі;

Строительная көшесін Уәп Латанов көшесі;

Дружба көшесін Құлеке батыр көшесі болып өзгертіледі.

Бұл ақпарат нормативті-құқықты актілер порталына жарияланды.