Шымкентте дәрігерлерді көшеге тізіп қойғандар жауапқа тартылады

Шымкент қаласында көшенің бойында тізіліп тұрған дәрігерлердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Жұрт науқастар қиналып жатқанда, дәрігерлерді бір минут үнсіздік үшін көшеге тізіп қойған флешмобты ұйымдастырушыларды сынап жатыр.
Дәрігерлерді көшедегі флешмобқа шығарған Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері болып шықты.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов дәрігерлерді жолға алып шыққан диспансердің бас дәрігері жауапқа тартылатынын айтты.
“Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажетсіз бастама көтеріп, аурухананың бүкіл ұжымын жолға алып шыққан. Қазіргідей қиын жағдайда дәрігерлерді тікелей жұмысынан босату қылмыс десе де болады. Жағдай жан-жақты қаралған соң, ол жауапқа тартылады”, - дейді әкім орынбасары өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды
Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.