Шымкенттіктер «Наурыз тал» акциясын өткізді

Қазір «Наурыз Шымкентте басталады» онкүндігін өткізіп жатқан шымкенттіктер 18 наурызды - «Игі істер» күні етіп белгілеген. Енді осы күннің аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Наурыз тал» акциясы өтті. Мұның мәні – көктем мерекесі қарсаңында ел болып ағаш отырғызу, арық тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
Акцияға үн қосқан қала тұрғындары ағаш егіп, игі дәстүрді жалғастырды. Акцияға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар, еріктілер мен қала тұрғындары атсалысты.
Бұл акция «Эко-сана» қозғалысының бастамашылығымен қолға алынған. Акция барысында 8-шағынаудандағы аллеяға 42 көшет отырғызылған. Әр көшетке QR коды орнатылған. Соның арқасында көшет отырғазған адамға ай сайын мобильді қосымша арқылы суару мен күтіп баптау жөнінде арнайы хабарлама барып тұрады.
Айта кету керек, «Наурыз тал» акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Исполнилось три года со дня трагических событий в Кордае
6 февраля в мечети «Дін Ислам» в селе Сортобе глава региона Нуржан Нуржигитов принял участие в церемонии, посвященной памяти погибших в ходе массовых беспорядков. В селе Сортобе и сегодня, 7 февраля, провели поминальный обед, на котором присутствовали жители всех соседних сел.