Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтөбеде жаңа мамандықтар ашылып, халықаралық меморандумдарға қол қойылды

Білім-ғылым
Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтөбеде жаңа мамандықтар ашылып, халықаралық меморандумдарға қол қойылды
ФОТОЛАР: © Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеде Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Білім. Дағды. Болашақ» халықаралық форумы өтті. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, еңбек нарығына қажет білікті жұмысшы кадрларды даярлау тетіктерін нақтылау және халықаралық тәжірибені енгізу мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Форумға Қытай, Франция, Жапония, Германия, Беларусь және Өзбекстаннан келген сарапшылар, өңір колледждерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Таңертең қатысушылар Өнер орталығының фойесінде ұйымдастырылған колледждер жетістіктері көрмесін тамашалап, жаңа жабдықтар, оқу-өндірістік шеберханалар және жаңартылған бағыттармен танысты.

Форумға Қытай, Франция, Жапония, Германия, Беларусь және Өзбекстаннан келген сарапшылар, өңір колледждерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік серіктестер қатысты.

Жиынды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан және ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Олар Жұмысшы мамандықтар жылы барысында жастарды еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру, техникалық білімге қызығушылықты арттыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Пленарлық және секциялық талқылауларда шетелдік сарапшылар кәсіби-техникалық білімге заманауи технологияларды енгізу, оқытушылардың біліктілігін көтеру және студенттерді еңбек нарығына бейімдеу тәжірибелерімен бөлісті. Басты тақырыптар қатарында оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, колледждерді халықаралық аккредиттеу, сұранысқа ие құзыреттерді дамыту және экономиканың нақты қажеттіліктеріне сай кадр даярлау мәселелері болды.

Форум қорытындысында Ақтөбе өңіріндегі колледждер мен шетелдік білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар тәжірибе алмасу, халықаралық стандарттарды енгізу және бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатыны айтылды.

Күннің екінші жартысында Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылау және марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде кәсіби білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, еңбек адамының мәртебесін арттыру – тұрақты дамудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде кәсіби білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, еңбек адамының мәртебесін арттыру – тұрақты дамудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Ақтөбе облысындағы 40 колледжде 28 мыңнан астам студент білім алады. Биыл жұмысшы мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс 7 407 орынға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Төрт колледжде жаңа мамандықтар ашылды: «Флорист-гүл өсіруші», «Қонақ үй бизнесі», «Тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» және «Маркшейдерлік іс».

Жоғары политехникалық колледж жанынан құны 1 млрд теңгелік IT-хаб құрылысы жүріп жатыр. Кәсіби бағдар беру жұмыстарына 48 мыңнан астам оқушы тартылып, 60 мектепте бейінді сыныптар ашылған. Сонымен қатар екі колледжде 500 млн теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жүргізілгені айтылды. Бірқатар оқу орындары халықаралық аккредитациядан өткен.

Марапаттау барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және кәсіптік-техникалық білім беруге үлес қосқан еңбек адамдары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ білім беру саласының үздік өкілдеріне «Ыбырай Алтынсарин атындағы» төсбелгі, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум мен жыл қорытындысы өңірде білікті кадр даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге және тәжірибе алмасуды кеңейтуге серпін береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу