Тәуелсіздіктің 30 жылдығында сотталғандарға рақымшылық жасалады

  • 11.10.2021

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Сол 30 жылдық еркіндік қарсаңында сотталған бірқатар азаматтарға рақымшылық жасалады, яғни, еркіндік беріледі. Бұл, былай қарағанда, еркіндіктің 30 жылдық мерекесінде түрлі себептермен жазасын өтеушілерге еркіндік беру – символикалық көрініс. Әрине, бұған дейін де рақымшылық жасалып келген, бірақ, биылғы рақымшылықтың жөні бөлек.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/13 мекемесі Қазақстан Республикасы Заңдары талаптарына сәйкес рақымшылық жасау туралы атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Мекеме басшысы әділет подполковнигі Ердос Жәкенов 30 жылдықтың құрметіне кімдерге рақымшылық жасалатынын айтты.

«Қазіргі таңда мекеменің арнайы есепке алу тобының инспекторлары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы жұмыс жүргізуде. Заң жобасына сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнеткерлерге, ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендерге және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге рақымшылық жасалады. Бұл рақымшылық шарасы заң бұзушыларға қатысты ізгілік актісі, мемлекет тарапынан мейірімділік пен сенім білдірудің көрінісі саналады. Белгілі болғандай, лаңкестік және басқа да ауыр қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Негізінен, рақымшылық жасау – аса ауыр емес қылмыс жасағандарға, жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және қоғамдық қауіптілігі жоқ қылмыстарға көзделіп отыр», - дейді ол.

Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша рақымшылық жасауды қолдану шарттары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/13 мекемесіндегі арнайы есепке алу тобының инспекторлары тарапынан сотталғандардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай баптарымен сотталғандығы бойынша тізімі жасалып, сотталғандардың жеке істерімен танысу жұмыстары атқарылып жатыр.

Айта кету керек, атлмыш мекеме сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтарды және оның алды алу, заңға қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында тәртіпті күшейтуге бағытталған жұмыстармен айналысады.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін