Тоғжанов Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады

Malim Админ

  • 16.03.2021

16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған жұмыс тобы Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарға арнайы барды. Бұл сапардың мақсаты өңір дамуымен танысу,  жергілікті жерде атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың барысын білу, оның ішінде ауыз және суармалы судың мәселесіне ден қою, әлеуметтік жағдайды анықтау болды. Осындай мақсатпен келген Ералы Тоғжанов Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бағыс және Хиябон ауылдарының әлеуметтік нысандарының жағдайымен танысып, тұрғындарымен ашық кездесу өткізді.  Ашық аспан астында, ауыл көшесінде ел аралап жүрген вице-премьермен кездесуде тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардың атқарылуымен қатар ауылдардың өзекті мәселелерін  көтерді. Жергілікті жұрттың  мүлік пен жер учаскелерін тіркеу мүмкіндігінің жоқтығына қатысты айқан мәселесіне Ералы Тоғжанов ерекше назар аударды.  Ауыл тұрғындарының сөзінше, егіншілік пен мал шаруашылығына арналған жерлер жетіспейді. Сондай-ақ, судың жетіспеушілігі де өткір мәселе болып тұр. Сонымен қатар ауылдарда газдың жоқтығы байқалады.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары облыс әкімдігіне тұрғындар көтерген мәселелерді шешу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Осылайша, осы жылдың 1 сәуіріне дейін ауыл шаруашылығы жерлеріне олардың сумен қамтамасыз етілуін ескере отырып түгендеу жұмыстарының жүргізілуі, ауыл тұрғындарының жер учаскелері мен тұрғын үйлерін тіркеуді 31 мамырға дейін аяқтау, сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін Түркістан облысының 6 ауылын газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Ералы Тоғжанов аталған елді мекендердің шекараларын айқындаудың маңыздылығын атап өтіп, облыс басшылығына биылғы 15 сәуірге дейін жергілікті халықтың қажеттілігі үшін жайылымдық жерлерді анықтау бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуін, ал 20 сәуірге дейін ауыл шекарасын түпкілікті бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Бағыс ауылында апатты мектептің орнына жаңа ғимарат салып, интернет сапасын жақсарту үшін «Kcell» және «Теle-2» желілерін жаңғыртып, 3G/4G байланысымен қамту жоспарлануда. Шекара маңындағы ауылдарды, аймақты дамыту мәселелері үнемі Үкімет бақылауында болатынын қадам айтты.

Байланысты жаналықтар

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

09.04.2025

Блогердің оқушы қыздардың қысқа киіміне қатысты сөздері қызу талқыға түсті

04.04.2025

Түркістанда жалған айғақ бермек болған куәгердің өзі сотталып кетті

03.04.2025

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

02.04.2025
MalimBlocks
ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Блогердің оқушы қыздардың қысқа киіміне қатысты сөздері қызу талқыға түсті

Видеоны санаулы сағатта 300 мыңға жуық адам көрген.

Түркістанда жалған айғақ бермек болған куәгердің өзі сотталып кетті

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді