Түркістан облысында екі ауылға әкім сайланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру мақсатында саяси реформаларды жүзеге асыру жұмыстарының жалғасатынын мәлімдеген-ді. Мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту үшін барлық өзгерістердің еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы екенін және ел азаматтарының бұл ұстанымды қолдап отырғанын жеткізді.
Аталған Жолдауда елімізде азаматтардың аудан әкімдерін пилоттық режимде сайлауға мүмкіндік алатыны да айтылды. Президенттің сөзіне қарағанда, бұған дейінгі ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі өз тиімділігін көрсеткен. «Бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни қазақстандықтардың 40%-дан астамының мүдделерін тікелей қозғайды. Біз дұрыс жолдамыз», - деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды.
Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн» деді. Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына орай, елімізде ауыл әкімдерін сайлау қолға алынған болатын.
Мәселен, 2023 жылдың 14 мамырында Сауран ауданының Жүйнек ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп, нәтижесінде кандидаттар арасында Абдікарімов Төребай Асқарұлы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен аталған ауылдық округтің әкімі болып сайланды. Сауран аудандық аумақтық комиссиясының төрағасы О.Амреев қызметік куәлігін табыстады.
Сонымен қатар, дәл осы күні Арыс қаласы Дермене ауылдық округінде де әкімін сайлауы өтіп, нәтижесінде кандидаттар арасында Құрманходжаев Алдияр Шамшидинович Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Дермене ауылдық округінің әкімі болып сайланды. А.Құрманходжаевқа куәлік табысталды.
Елімізде қолданыстағы әҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес енді бұдан былай аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлайтыны айтылған. Сайлау туралы Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда әкімдердің сайлауын өткізу, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған.
Аталған Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жұмыс істеп тұр. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған. Сайлау заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айналысады. Екінші жартыжылдықта өткізілетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әрекеттегі әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және олардың заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталуына дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы ауылдық округ әкімі болып сайлануы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.