Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

Көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті

Malim Админ

  • 15.05.2023

1 шілдеден бастап полиция жәбірленуші  шағым жасамай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркейді. Заңнамаға енгізілген бұл өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі    Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтып берді. 

«1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», - деп мәлімдеді Ақмарал Серікбаева.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.

«Мысалы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ақмарал Серікбаева.

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды