Жүректің өткізгіштік жүйесін күшейтуге арналған алғашқы ота  жасалды

Алматыда польшалық білікті маман, профессор, аритмология саласындағы білгір дәрігер  Яцек Гайектің шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

  • 25.05.2023

Кардиология және ішкі аурулар Ғылыми зерттеу институтында өткен жиынға Алматы, Қарағанды,  Тараздан және өзге  өңірлерден келген  дәрігерлер қатысты.   Мастер-класс аясында науқастарға ем жүргізілді. Атап айтқанда, жүректің соғу ырғағын бұзатын    кардиопатологиясы бар бес емделушіге  ота  жасалды. Пациенттердің  ең үлкені 66 жаста болса,   ең кіші науқас 23 жаста. Мәселен, шағыммен келген  58 жастағы азаматтан  жоғары қысым, әлсіздік, бастың айналуы, бастың  тұрақты ауруы, ентігу сынды  белгілер байқалған. 23 жастағы науқастан   туабітті  жүрек ақауы байқалды. Оны  үнемі бас айналуы, тез шаршау, ентігу  мазалайтыны белгілі болды. АВ блокадасының дамыған ағымы аса қауіпті. Бұл аяқ астынан  жүрек өліміне әкеліп соғуы  мүмкін. Ғылыми  зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, озық технологияларды қолдана отырып, заманауи медициналық процестер мен стандарттарды ұстануға ұмтылыс жасалады. Көрсетілетін оталарды  жасау мамандардың  тәжірибесін арттырып,    білімдерін   жетілдіруге жол ашады. Профессор Яцек Гиек институт басшылығына    Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылық білдірді. Бұл оның осымен елімізге жасаған  екінші сапары.  Білікті дәрігердің тәжірибесі  мен қосымша оқытуы  қазақстандық мамандарға осы техниканы енгізуге жәрдемдеседі.    Бұл тәсіл  жүрек қызметінің  жеткіліксіздігі бар науқастарға тиімді.   Бөлімше меңгерушісі Бағдат Ахыт та бұл жиынды жоғары бағалайды.  Өткізгіштік жүйені жақсарту  қарыншааралық диссинхрония мәселелерін оңынан шешуге, жүректің оң және сол жақ   қарыншаларын дәл  және синхронды түрде белсенді етуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде науқас азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартары анық.  КІА ҒЗИ аритмологиялық қызметінің аға ординаторы Артур Абдымомуновтың пікірінше,  ота кезіндегі қауіптер барынша төмен.  Себебі, мамандар жоғары технологиялық жабдықты негізге  алады. Әр емделушіге  шығыс материалдарының үлкен спектрін дербес түрде  таңдайды.  Мұндай мастер-кластардың отандық медицинаның дамуына ықпал-әсері зор. 

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.