Журналистердің кәсіби деңгейін көтеру керек – Балаева
Елордада басталған Astana Media Week – 2021 форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, қазіргі журналистикадағы өзгерістер жайын айтып өтті.
«Ең бірінші - журналистердің кәсіби деңгейін көтеру. Менің ойымша, бұл өте маңызды, сол себепті министрлікте журналистерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттырудың нақты жоспары бар. Сонымен бірге қазір салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл да өте маңызды. Себебі кей тақырып толық көрсетілмейді, өйткені журналистер белгілі бір саланың ерекшелігін білмейді», - деді министр.
А.Балаеваның айтуынша, пандемия мұны айқын көрсеткен. Сондай-ақ проблемаларды дер кезінде анықтау маңызды екенін атап өтті.
-Әрине баспасөз қызметтеріміздің жұмысы да өте маңызды. Барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде өңірлік баспасөз хатшыларымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың азаматтық қоғамның барлық институтымен өзара әрекеттесуі өте маңызды. Жалпы барлық бағыт бойынша кез келген жұмыстың тиімділігі үшін билік пен қоғамның сындарлы диалогы өзекті, - деді Аида Балаева.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.