КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Пхеньянда өткен салтанатты рәсімде тамыз айының басынан бері Курск облысын минадан тазалау жұмыстарына қатысқан әскери қызметшілерді қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 120 күнге созылған операция барысында тоғыз сарбаз қаза тапқан.
КХДР басшысы Ким Чен Ын Ресейден оралған Солтүстік Корея армиясының бөлімшесін салтанатты түрде қарсы алды. 12 желтоқсанда Пхеньянда өткен рәсімде ол Корей халық армиясының 528-полкінің Украинаға қарсы Ресей әскерлерімен бірге жүргізілген ауқымды әскери агрессияға қатысуын жоғары бағалап, «жаппай ерлік» көрсетілгенін айтты. Бұл туралы сенбі, 13 желтоқсанда Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлады.
Сонымен қатар Ким солтүстіккореялық әскери қызметшілердің Курск облысын минадан тазалау жұмыстарына қатысқанын растады. Оның сөзінше, полк бұл Ресей аймағында «инженерлік-жауынгерлік тапсырманы» тамыз айының басында бастап, «жарқын нәтижелерге» қол жеткізген. 120 күнге созылған операция кезінде тоғыз сарбаз қаза тауып, бұл «жүрек ауыртатын шығын» болғанын мәлімдеді Ким.
Қараша айында Украина Қарулы күштері бұл шекаралас өңірден кеткеннен кейін Курск облысындағы минасыздандыру жұмыстарына солтүстіккореялық сарбаздардың қатысқаны туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлаған. Сондай-ақ бұл жөнінде Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі де жазды.