Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сотталған шенеунік Бақытгүл Хаменованың тойда түскен видеосы тарады

Оқиға
Сотталған шенеунік Бақытгүл Хаменованың тойда түскен видеосы тарады

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары әрі мәслихаттың экс-депутаты, сотталған Бақытгүл Хаменова осы аймақта өткен қыз ұзату тойында қонақ болды. Бұл туралы Orda.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


«Бәсе» кадрларында Хаменованың сәнді киім киіп, өңірдің жоғары лауазымды тұлғаларының ортасында тұрғаны байқалады.

Еске салайық, 2022 жылы Бақытгүл Хаменова Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы («Топтасып ірі мөлшерде пара алу») бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, «Құрмет» ордені қайтарылған.

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілген. Сот үкімінен кейін Хаменова сот залынан босатылған еді.

Фото: видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу