Айтыстың бір биігі Әселхан Қалыбекова өмірден өтті

Malim Админ

  • 05.07.2021

Айтыскер ақын, айтыс өнерінің жарық жұлдызы болған Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті. Қаралы хабарды айтыскер Біржан Байтуов әлеуметтік желі арқылы жеткізді. "Алаштың аяулы ақыны, Асыл анамыз Əселхан Қалыбекова бұл жалғанмен қоштасып, шын өмірге аттанды?. Барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Жаназа уақытын қосымша хабарлаймыз" деп жазды айтыскер.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген (1966).
Еңбек жолын 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында бастаған. Аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған (1971-1991). 1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. 1981 – 1984 жылдары аралығында аудандық, облыстық және облысаралық ақындар айтыстарында жүлделі орынды уысында бекем ұстап тұрды.
Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1989). Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Қазақ КСР – ның Халық ақыны құрметті атағы берілді (1990 ж. 6 сәуір).
Айтыс өнерінің ақтаңгері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың “Отырар аспаны” (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?! ” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан Әлемі” (2008) атты кітаптары жарық көрді.
Отырар аудандық мәдениет бөлімі жанынан ашылған ақындар мектебіне жетекшілік етті. Аталмыш мектептен көптеген айтыс саңлақтары шықты. Бүгінгі айтыс көкжиегіндегі шоқ жұлдыздар – Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова секілді айтыскерлер осы мектептің шәкірттері.
Отырар ауданының «Құрметті азаматы». “Парасат” орденімен марапатталған (2005).

Байланысты жаналықтар

Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

24.03.2023

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

13.03.2023

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

13.03.2023

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

09.03.2023

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

02.03.2023

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

28.02.2023
MalimBlocks
Еуро-2024. Қазақстан алғашқы ойынды жеңіліспен бастады

Келесі қарсылас кім?

Журналистерді еске алуға арналған турнирдің қорытындысы

Шавкат Рахмонов Алматыға келді

Ауыр атлет Спорт министрлігін сотта жеңді  

Ақшаны алу үшін тиісті органдарға жүгінген

Бауыржан Исламханның қай клубта ойнайтыны белгілі болды

9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді

Сәпиев-Зелимханов жанжалы. Елеусінов пен Ильин не дейді?

"Мен де ақ пен қараны ажырату үшін күттім".