Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Александр Бублик АТР250 турнирінің чемпионы атанды

Спорт
Александр Бублик АТР250 турнирінің чемпионы атанды

Швейцариядағы Гштаад қаласында өткен турнирдің финалында Александр Бублик (АТР №34) Хуан Мануэль Черундолоны (АТР №109) 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл – қазақстандық теннисші үшін негізгі АТР турындағы алғашқы топырақтағы титул және 2025 жылғы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол Туринде өткен топырақтағы Челленджер-175 пен Галледегі шөп жабындысындағы АТР500 турнирін ұтқан болатын.

Жалпы, бұл – Бубликтің АТР турындағы алтыншы титулы. Ол бұған дейін Монпельеде (2022, 2024) екі рет, Галледе (2023, 2025) екі рет және 2023 жылы Антверпенде топ жарған. Сондай-ақ, оның Челленджер деңгейінде жеті титулы бар.

Гштаадтағы АТР250 турниріндегі жеңісі үшін Бублик 90 675 еуро мен 250 рейтингтік ұпай жеңіп алды. Дүйсенбі күні ол қайтадан әлемдік рейтингтің үздік 30 теннисшісінің қатарына енеді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу