Ақтөбе қаласы мемлекеттік бассейндерсіз қалды

Қала басшылығы жекеменшік бассейндерді жалға алып отыр

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Ақтөбеде 287 млн теңгеге жөнделіп жатқан олимпиадалық «Чайка» бассейнінің күрделі жөндеуі әлі бітпеді. Былтыр жазда басталған жөндеу жұмыстарын «Градстройсервис» компаниясы 12 ай ішінде аяқтауы керек еді. Алайда HALYQSTAN телеграм-арнасының жазуынша, компания белгіленген мерзімге үлгере алмады, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы жазда «Достық» бассейнінде де күрделі жөндеу басталып, оған 353,6 млн теңге бөлінді. Ал үшінші бассейн – «Дельфин» – апатты жағдайда деп танылып, оны бұзу жоспарланған. Бұл бассейнді қайта жөндеуге бюджеттен 176 млн теңге бөлінген.

Ақтөбе қаласы қазір мемлекеттік бассейндерсіз қалды. Соның салдарынан жеке бассейндердегі абонемент бағасы қымбаттап кеткен. Балалар спорттан қол үзбеуі үшін, жергілікті әкімдік бюджет есебінен жеке бассейндерді жалға ала бастады. Оған өткен жылдан бері шамамен 40 млн теңге жұмсалған. Балалар Бәйішев университеті мен Гүлжанат Тәнатарованың бассейндерінде жаттығуды жалғастырып келеді.

Қауесетке қарағанда, жалға алу үшін қаражат жарыстарға қатысуға бөлінген қаржыдан алынған болуы мүмкін.

Ұзындығы 50 метрлік «Достық» бассейні аяқасты оқыс жағдай болмаса, келесі жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс. Ал «Дельфиннің» орнына жаңа бассейн қашан салынатыны белгісіз. Алдымен оның реконструкциясына тендер ойнатылып, мердігер анықталғанымен, кейін ғимараттың апатты екені анықталған.

«Чайка» бассейні жайында облыстық спорт басқармасы осы жазда нысанды маусымда, кейін шілдеде тапсырамыз деген болатын. Енді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Шоқпытов келесі аптадан бастап бассейн жұмысын жалғастыратынын айтты.

Осы уәделердің алдында балалардың ата-аналарының ашық наразылықтары да болған еді.

Айта кету керек, «Чайка» бассейнін жөндеумен айналысқан «Градстройсервис» компаниясы Ырғыз ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жөндеу жұмыстарын аяқтамағаны үшін сот шешімімен жосықсыз мердігер ретінде танылған.

Фото: instagram/delfin.aktobe

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

06.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр