Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Асу Алмабаевтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Спорт
Асу Алмабаевтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев  UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға қарсы шығады. Оны спорт ұйымының ресми сайтынан көруге болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ертең Лас-Вегаста өтетін жекпе-жектер кеші Қазақстан уақыты бойынша сағат 04.00-де, ал негізгі карта сағат 07.00-де басталады. Асу Алмабаев пен Хосе Джонсон арасындағы жекпе-жек 7.30-да басталады.

Бұл 30 жастағы Алмабаевтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі әрі турнирдің негізгі картасына алғаш рет шығайын деп отыр. Бұған дейін ол UFC-де екі америкалық – Оди Осборн мен Сиджей Вергараны жеңген еді.

Алдағы турнирдің басты жекпе-жегінде америкалық Алекс Перес пен жапониялық Тацуро Тайра чемпион атағына таласады.

Фото: әлеуметтік желіден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу