Аз сөз

Malim Админ

  • 26.06.2021

Malim.kz cайты оқырмандарының назарына Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ ақын Қуандық ШАҢҒЫТБАЕВ шығармашылығы жайлы жазған «Аз сөз» атты мақаласын ұсынады. Бұл алғыс сөз ақынның «Қазақ жүрегі» атты жыр жинағына арналып жазылған еді. Ақынның  «Ар» жинағында жарияланады.  Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовке Қуандықтың 17 жасында жазған «Едігенің елмен қоштасуы» өлеңі әсер еткен. Осылайша,  18 жастағы жап-жас жігіттің алғашқы жыр жинағына алғыс сөз жазып, ақ батасын береді. Сол кезде әдеби ортада бұл үлкен жаңалық болған еді. Қаршадай Қуандық Ұлы Мұқаңнан естіген бұл сөзді көтере алды. Ұстаз сенімін ақтады. Поэзиямен қатар драматургия, аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ендігі сөз Мұқаңда.   

Бұл кішкене жинақ -  көп еңбектің және, әсіресе, үлкен талаптың айғағы. Жас ақын Қуандықтың оқушы жүртшылықпен тұңғыш ұшырасуы осы жинақтан басталып отыр.

Еңбек көркі – жемісте. Және еңбек көркі сол жемісті жетілтем деген жалында. Қуандық жинағындағы «Едігенің елмен қоштасуы», «Бауыржан Момышұлына», «Мен - қазақ», «Қоштасу», «Қауышу», «Жас партизан сыры», «Сүттей жарық жазғы түнде», «Жастық дәуренім», «Тұрған ем-ау құшағыңда» деген сияқты көптеген өлеңдері сол жалынды сездіреді. Ақындық шын сезімнің жалынын танытады. Іздену бар. Сол ізденуіне серік –тірек мол білімі бар, тілі орамды жас ақын келешегінен анық жақсы үміт еткізеді.

Ұлы Отан соғысының ай-күндерінде жазылған көп өлеңі жауға жат, досқа адал болған сезімтал, ызалы, ыстық қанды жасты танытады. Шіміркеніп, ширығып шыққан өтімді тіл, әсерлі күй келеді. Жолы жатық, беті ашық отан жасының шыншыл жүрегінен шығатын күйлер.

Қуандық құлақ, күйі, отаншыл, халықшыл қызулы лирик болғандай. Көп жүрегін өзінен, өз жүрегін көптен тапқан саналы сезімталдық бар. Бұнысы да Қуандықтың барар аңағарын тұйыққа тартапай, ашық, күнес өріске тартатындай.

Мұхтар Әуезов, Алматы,  1943 жыл