Белгілі жазушы Жанат Ахмади дүниеден озды

Malim Админ

  • 29.06.2020

Бұл хабарды Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделханұлы хабарлады.

«21 ғасырдың Майқы биі - деп мәртебе тұтып жүрген Жанат Ахмади ағамыз да пәниден бақиға жол салыпты. Қазыналы қария болады-ау - деп жүргенде, бұ кеткені не еткені?! Қазақ қаламгерлері мен қабырғалы қалың жұртқа қайғыра көңіл айтамын. Баладай жетелеп, данадай құрметтеп, қадір-қасиетін қаймақтай қалқытып жүрген жеңгемізге құдай қуат берсін», – деп жазды Бақыт Беделханұлы.

Жанат Ахмади 1943 жылы 15 қазанда Шығыс Түркістанның Құлжа губерниясы, қазіргі Іле Қазақ облысына қарасты Қорғас ауданында Үш Ақсу–Мазы деген жерде дүниеге келген. Құлжа қаласындағы 3 жылдық шаруамалдәрігерлік мектебі деп аталатын техникумның зоотехникалық бөлімін 1961 жылы тамамдайды.

1962 жылы атамекені – Қазақстанға келеді. ҚР Мемлекеттік Орталық Ұлттық мұрағатында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып қызмет істеген. 1995 жылдан бері таза шығармашылықпен айналысып еді.

2006 жылы Шығыс Түркістан, Үрімші қаласы «Жас өрендер» баспасынан араб әрпімен «Есенгелді би» тарихи романы, 2008 жылы «Кітап» баспасынан «Жарылғап би» тарихи романы, 2009 жылы «Кітап» баспасынан «Қарадан туған хан Нұрабай» тарихи романы, «Адемпринт» баспасынан «Уақыт ырғағы» атты рецензия, әдеби сын мақалалар кітабы жарық көрген.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Байланысты жаналықтар

Әбиба Әбужақынова Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

29.04.2025

Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

28.04.2025

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

28.04.2025

Қазақстан маунтинбайктан Азия чемпионатын екі медальмен түйіндеді

28.04.2025

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

28.04.2025

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы да топ жарды

27.04.2025
MalimBlocks
Әбиба Әбужақынова Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

Қазақстан маунтинбайктан Азия чемпионатын екі медальмен түйіндеді

Аралас командалар арасындағы эстафетада біздің құрама екінші орынға ие болды

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Александр Бублик Мадридтегі турнирде әлемнің сегізінші ракеткасын жеңді

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы да топ жарды