Биыл Канн кинофестивалі өтпейді
Биыл Канн кинофестивалі өтпейді. Фестиваль бағдарламасындағы фильмдерді күзде өтетін басқа фестивальдардан көруге мүмкіндік болады.
Бұл кинофестивальдың ұйымдастырушылары 2020 жылы кино әлеміндегі бұл үлкен шараны, тіпті, онлайн форматта өткізбеуге шешім қабылдаған. Бұл туралы DW сайты хабарлады.
Variety басылымына сұхбат берген фестиваль өкілінің айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде бұл шараны физикалық тұрғыда да, онлайн жағдайда да өткізу қиын. Маусым айының басында фестивальға қатысып жатқан фильмдердің «тағдыры» ары қарай не болатыны айтылады.
Күзде өтетін кинофестивальдарда, оған Венеция кинофестивалін қосыңыз, Каннға түскен фильмдердің бір бөлігін көрсетеді, қалғанын кинотеатрларда көрсетуі мүмкін.
Канн фестивалі 12-23 мамыр аралығында өтуі тиіс еді. Наурыз айында ұйымдастырушылары, шараның маусым айына шегерілгенін айтқан. Бірақ бұл жоспарды Францияда Төтенше жағдай режимінің кем дегенде 10 шілдеге дейін созылуы бұзды.