Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Malim Админ

  • 26.07.2024

Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі ойындардың ашылу салтанатына орай көшеде қауіпсіздік қызметтері де күшейген.

Ресми емес дерек көздеріне сүйенсек, ашылу салтанатында олимпиада алауын жеңіл атлетикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Мари-Жозе Перек мен даңқты футболшы Зинедин Зидан жағуы мүмкін. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангенің ашылу салтанаты туралы аз-кем ақпарат берді.

Олимпиаданың ашылу салтанаты қаншалықты маңызды екенін білеміз. Сондықтан да, біз әу бастан құлшынысымыз мықты болды. Бұл ашылу салтанаты біздің ойынға деген құлшынысымызды көрсетіп, Франциядағы жақсы нәрселердің бәрін паш еткенін қалаймыз, - деді ол.

Спортшылар шеруі Сена өзенінде өтеді. Әрбір делегация өз қайығымен жүзіп өтеді. Бағыттың ұзақтығы алты шақырым. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.

Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады. Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ, Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.

Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннистен сынға түседі.

Сондай-ақ олар велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен жарыс жолына шығады.

ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Эйфель мұнарасының етегіндегі Трокадерода орналасқан Чемпиондар саябағында марапатталады.

Фото: olympic.kz

Байланысты жаналықтар

Бүгін Қазақстан Холанд пен Эдегор бастаған Норвегиямен кездеседі

06.09.2024

Нұрдәулет Жұмағали  – Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері

05.09.2024

Ақмарал Науатбек - Париждегі Паралимпия ойындарының жеңімпазы

05.09.2024

Дастан Мұқашбеков – Паралимпия ойындарының қола жүлдегері 

05.09.2024

Амур жолбарыстары Ресейден Қазақстанға жеткізіледі

04.09.2024

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

04.09.2024
MalimBlocks
Бүгін Қазақстан Холанд пен Эдегор бастаған Норвегиямен кездеседі

Эдегор Қазақстанға екінші рет, Холанд алғаш рет келді

Нұрдәулет Жұмағали  – Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері

Ақмарал Науатбек - Париждегі Паралимпия ойындарының жеңімпазы

Дастан Мұқашбеков – Паралимпия ойындарының қола жүлдегері 

Амур жолбарыстары Ресейден Қазақстанға жеткізіледі

Бірінші кезеңде Қазақстанда оңалту орталығында өскен төрт жолбарысты шығару жоспарлануда

Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді

Қазақы ит тұқымдарын сақтау, оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі 2022 жылы қолға алынған