Бүгін Еуро-2024 чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайды

Екі құрама ойыншылары түгел дайын

Мәди Саматұлы

  • 14.07.2024

Бүгін Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының финалында Испания мен Англия ойнайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Соңғы ойын Берлинде «Олимпиаштадион» стадионында Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойынға франциялық Франсуа Летерье төрелік етеді. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей көруге болады.

Екі құраманың да ойыншылары түгел сақадай сай. Тек Испания сапында ойыннан шеттетілген қорғаушылар Роббен ле Норман мен Дани Карвахал құрамаға қайта қосылды.

Испания В тобында 9 ұпайдың бәрін еншілеп, одан соң финалға жеткенше Грузияны (4:1), Германияны (2:1) және Францияны (2:1) жеңді.

Испания 1964, 2008 және 2012 жылдары еурочемпионатты жеңіп алды.

Ал Англия C тобынан 5 ұпайпен бірінші орынмен шығып, одан соң Словакиядан (2:1), Швейцариядан (1:1, пенальтиден 5:3) және Нидерландыдан (2:1) басым түсті.

Бір қызығы, Гарет Саутгейт басшылығымен ағылшындар құрлық турнирінің финалына екі рет жетті, бұған дейін ағылшындар құрамасының ешбір бапкерінде мұндай көрсеткіш болмаған. Өз тарихында Англия еурочемпионаттарда екі қола (1968, 1996) және бір күміс (2020) олжалаған.

Фото: uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді

04.05.2025

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

03.05.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

Қазақстан халқының саны белгілі болды