ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі: Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында ойнайды

Сабина Асқарқызы

  • 04.03.2025

Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев наурыз айында өтетін ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейнмен (25 наурыз) ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Кеңейтілген тізімге жақында ғана «Челси» сапын толықтырған 16 жастағы Дастан Сәтпаев енген. Естеріңізде болса, Сәтпаев осыдан бірер күн бұрын «Астанамен» өткен ойында гол соғып, «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалған. 
Әлиевтің тізіміне 36 ойыншы енді.
Федерация ойыншылардың нақты тізімі шыққанға дейін өзгерістер болуы мүмкін екендігін ескертеді.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков, Жан Әли Пайруз (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. 22 наурызда Уэльсте, ал екі күннен соң Лихтенштеймен матч болады.

Фото: «Қайрат» фк

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады