Ел спортшылары Жапонияда конькимен жүгіруден екі алтын еншіледі

Отандастарымыз B дивизионында жарысты

Мәди Саматұлы

  • 23.11.2024

Наганода (Жапония) өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, сайыстың алғашқы күнінде 500 және 1500 метр қашықтықтарда жарыстар өтті. Біздің елдің спортшылары бұл жарыстарда тек В дивизионында өнер көрсетті.

Әйелдер арасында 500 метр қашықтықта Кристина Силаева бірінші орынды жеңіп алды. Инесса Шумекова 15-орынға, Маргарита Галиева 18-орынға, ал Дарья Важенина 20-орынға ие болды.

Ерлер арасында Евгений Кошкин төртінші нәтиже көрсетсе, Алтай Жәрдембекұлы 11-ші, Никита Важенин 20-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, 1500 метр қашықтықта әйелдер арасында Надежда Морозова үздік нәтиже көрсетті. Кристина Шумекова 15-орынға, ал Мария Деген 22-орынға ие болды. Ерлер арасындағы 1500 метрлік жарыста Нұралы Ақжол 29-орынға, Роман Биназаров 31-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, А дивизионындағы медальдар ғана есептеледі.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жапониядан табылды

28.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

31.01.2025

Ұлттық Банк I тоқсанда 750 млрд теңгеге валюта сатады

21.01.2025

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

10.01.2025

Ел спортшысы семсерлесуден әлем кубогінің кезеңін жеңіп алды

05.01.2025
MalimBlocks
Бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жапониядан табылды

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

Ұлттық Банк I тоқсанда 750 млрд теңгеге валюта сатады

Жапония қазақстандық компанияға санкция салды

Сауда және интеграция министрлігі бұл жайында ертерек хабардар болған

Ел спортшысы семсерлесуден әлем кубогінің кезеңін жеңіп алды

Ол финалда Қытай спортшысын ұтқан