457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еңбек сіңірген жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетілді

Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа  құрмет көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп. 

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды.