Мемлекеттік күзет қызметкерлері Дубайда топ жарды

Malim Админ

  • 08.02.2024

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің  «САРДАР» командасы 3-7 ақпан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge 2024 халықаралық сайысында қола жүлде жеңіп алды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің арнаулы бөлімшесінің командасы айтулы халықаралық сайыста жеңіске жетті. Бүкіл әлемнен жиналған 80-нен астам команданы басып озған «САРДАР» тек сайыс қожайындарына - Дубай қаласы полициясының екі командасына ғана жол берді.

UAE SWAT Challenge – күштік құрылымдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы чемпионат болып табылады. Биыл сайыс бесінші рет өткізілді, оған бүкіл әлемнен келген командалар қатысып, кедергілерден өту, шабуылмен басып алу, кепілге алынғандарды құтқару, жаралыларды эвакуациялау, қару түрлерінен ату секілді күрделі сынақтардан өтті.

Сайыстың барлық кезеңдерінде  «САРДАР» үздік тактикалық дағдылар, күш-қуат, төзімділік пен биік рухын танытты. Үшінші және төртінші күндегі нәтижелер бойынша команда сайыстың үздік үштігінен сенімді орын алды.

Чемпионаттың бесінші, шешуші кезеңінде де «САРДАР» жоғары арнаулы және тактикалық әзірлігін және мықты командалық рухын көрсетті. ҚР Мемлекеттік күзет қызметі командасының жарқын жеңісі - еліміздің арнаулы мемлекеттік органы жеке құрамының күшейтілген үздіксіз дайындығының, мемлекеттің өркендеуіне және оның қауіпсіздігін сақтауға бағытталған патриоттық тәрбиесінің жемісі.

Сайыстың соңғы «Кедергілер жолағы» кезеңінде ойнатылған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамының жаңа әнұраны - «Рух» әуені де команда мүшелерін жеңіске жетелегені анық! «Сардар» командасы өзінің халықаралық сайыстағы жеңісін барлық отандастарына арнайды!

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды