Нора Джеруто финалдық бәсекеде жарысады
Ал Джемпекей финалдық кезеңге жете алмады
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың іріктеу айналымы өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джемпекей сынға түсті.
Іріктеу қорытындысы бойынша Нора Джеруто финалға жолдама алды. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46.
Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдық кезеңге өте алмады. Ол өз тобында мәреге оныншы болып жетті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.
Фото: ҰОК/Сали Сабиров