Өзбекстан бір түнде екі алтын алды

Өзбекстан құрамасы осымен үш алтын медаль еншілеп отыр

Сабина Асқарқызы

  • 09.08.2024

Париж олимпиадасында Өзбекстанның екі бірдей спортшысы чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір қызығы, екеуі де осымен екінші рет Олимпиада ойындарында топ жарып отыр.
Бокстан 51 келіде өзбекстандық Хасанбой Дусматов франциялық Билал Беннаманы жеңіп, екі дүркін олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді.

Естеріңізде болса, ол 2016 жылғы Рио олимпиадасында алтын алып, кейін кәсіпқой боксқа кеткен еді. Дегенмен екінші рет олимпиадаға қатысу үшін әуесқой боксқа қайта оралып, мақсатына жетті.
Естеріңізде болса, Дусматов Париждегі ойындардың екінші айналымында қазақстандық Сәкен Бибосыновтан басым түскен.

Сонымен қатар 22 жастағы таеквондошы Улугбек Рашидов те екінші олимпиада қатарынан чемпион атанды. Ол 68 келі салмақтың финалында иорданиялық Заид Каремнен басым түсті.
Айта кетейік, Рашидов 19 жасында Токио-2020 олимпиадасында алтын медаль алған еді.
Осылайша, Өзбекстан құрамасы Парижде әзірге үш алтын иеленді. Бұған дейін дзюдодан Диера Келдиерова чемпион атанған еді.

Фото: yuz.uz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды