Пәкістанның Лахор қаласында таеквондодан G-3 санатындағы дәстүрлі World Taekwondo Президенті кубогы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын және үш қола медальмен аяқтады.
-73 келі салмақта Назым Махмутова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді 2:0 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық спортшы Сауд Арабиясының өкілі Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Ал Батырхан Төлеуғали -87 келі салмақта топ жарды. Ол финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты жеңіп, турнир чемпионы атанды. Батырхан жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан өкілдерінен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Президент кубогын екі алтын және үш қола медальмен қорытындылады.
Биыл Лахордағы додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.