Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды

Спорт
Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның ту ұстаушылары анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл құрметке боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ие болды.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл).

Сафронова өз кезегінде Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жетті.

Сондай-ақ резервке балуан Нұрсұлтан Тұрсынов пен семсерлесуші Әйгерім Сарыбай ұсынылған.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу