«Соңғы Олимпиадам». Қола медаль алған Ғұсман Қырғызбаев әсерімен бөлісті

Отандасымыз 8 жыл бойы 60 келі салмақта күресіп, 66 келіге ауысқан еді.

Сабина Асқарқызы

  • 29.07.2024

Дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаев жазғы ойындарды қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 8 жыл бойы 60 келі салмақта күресіп, 66 келіге ауысқан еді.

«Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым.  60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті.  Бүгінгі белдесулерге келер болсам, жартылай финалдағы бразилиялық жігіт басқалардан мықты дей алмаймын. Білмедім, жартылай финалда босаңсып кеттім бе... Екі ескерту бергені де ойда тұрды, кеңінен көсіле алмадым», - дейді Ғұсман Қырғызбаев.

Спортшы соңғы екі әлем чемпионатында есесі кеткен Ан Бауылды жеңді. 

Ан Баулға келер болсам, соңғы екі әлем чемпионатында соған жол бердім. Валид Хиярдан да ұтылдым. Испандықты да бұрын жеңген емеспін. Бүгін бәрінен есем қайтты десем, артық емес. Қола медальға таласқан сербиялық спортшы өте мығым екен. Бойы ұзын. Оңай  болмады. Міне, көптен күткен Олимпиада медалі қоржынға түсті. Бұл жеңісті қазақ еліне, ата-анам, әйелім мен балаларыма арнаймын», - деді Ғұсман. 

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды