Ташкенттегі әлем чемпионаты. Қос боксшы жартылай финалда
Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады
Бокстан Ташкентте басталған әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалған шықты. 71 келіде сынға түсіп жатқан Асланбек Шымбергенов пен 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады.
Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов француз Макан Траоремен жұдырықтасып, екі рет нокдаунға жіберді. Мұның алдында фрациялық спортшы 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанған жапониялық Севон Окадзаваны жеңген еді.
Тараздық боксшы бірінші раундты Маканды бірінші раундта-ақ бір аунатып тұрғызды. Бұл жағдай екінші кезеңде тағы қайталанып, кездесудің қорытынды 5:0 есебімен аяқталды.
80 келіде шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбай да жанкүйерлерді қуантты. Ол осы салмақта Азия чемпионы, иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен сынға түскен. Айта кететін бір жайт, отандасымыз былтыр Амманда өткен Азия біріншілігінің жартылай финалында Ишайшқа есе жіберіп, қоланы қанағат тұтуға мәжбүр болған еді. Ташкенттегі жекпе-жекте кеткен есені қайтарған Оралбай енді жартылай финалда жұдырық түйістіруге дайындалмақ.