Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

Мәдениетпен қоса спорт пен туризмді қатар басқаратын министрліктің ел игілігіне жасар қызметі шаш етектен

Айбек Ережеп

  • 15.05.2021

Кеше Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп берді. Мәдениетпен қоса спорт пен туризмді қатар басқаратын министрліктің ел игілігіне жасар қызметі шаш етектен. Өзі де мәдениеттен өсіп шыққан Ақтоты Райымқұлова өз басқарып отырған саланың қыр-сырын да жетік біледі. Көп алдында тосылмай, туризмнің өткені мен ертеңі туралы нақты айтып, айқын жоспарын ұсынған министр ханымның есебі көптің көңілінен шыққандай.

Министр Ақтоты Райымқұлова еліміздегі (жалпы әлемдегі) пандемияға қарамастан елімізде туризм саласын дамыту бойынша жан-жақты жұмыс атқарылып жатқанын айтып, былтыр атқарылған жұмыс пен биыл жүзеге асуы тиіс айтулы жобалар жайын жеткізді. Есеп беру жиынында туризм саласының ерекше айтылып, айырықша мән бергенінің өзіндік жолы бар. Өйткені жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Отанымыздың көрікті аймақтары мен көз тартар әсем табиғатты жерлері жетерлік. Оның бәрі тек жергілікті халық пайдаланып, бос жату үшін емес, ед игілігі үшін пайдалану көзделген. Мемлекетіміздің негізіг байлығы – осы әсем жерлер.

«Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам іс-шара өтеді. Бүгінде нарықтың қызметін ынталандыру бойынша заңнамалық актілер қабылданып, ішкі туризммен танысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұдан бөлек қызмет көрсету желісі көбейіп, инфрақұрылымды дамыту мен инвестиция тартуды арттыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Қазір мәдениет, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған этнотуризмге деген сұраныс жоғары. Бұл бағытта биыл маусым мен қыркүйек аралығында Алматы қаласының туристік жерлерінде қолөнершілердің қатысуымен «Ұлы дала мұрасы» жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар ұлттық тағамдарды таныту мақсатында Kok bazar fest өтеді. Ақтөбе облысында «Көшпенділер» мұрасы, Шығыс Қазақстан облысында Buqtyrma fest атты фестиваль ұйымдастырылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Этнотуризмнен бөлек тағы бір сала ол қазақтың киелі жерлерін таныстыру. Қазақтың әдет-ғұрпы бар. Одан бөлек біздің таризымызда ғана емес, әлемдік тарихта орны бар нысаналар қазақ жерінде көптеп орналасқан. Соларды қайта жөндеуден өткізіп, жалпы жұртшылықтың назарын айдаратындай жұмыстар атқарылып жатыр. Министр ол туралы да айтты.

«Ал киелі жерлердегі туризмді ынталандыру және тарихи-мәдени объектілерге туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусымның соңында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін ашу, Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр. Тағы ішкі туризмді дамыту үшін шілдеде Павлодар облысында «Туризм Pvl-2021» көрмесі өтеді»,-деді министр.

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай туризм саласында іске асатын бірқатар жоба жайлы айтып өтті.
«Жыл соңына дейін туристік өнімдер тізімін қалыптастыру мақсатында елдің бірегей тарихи-мәдени және тарихи көрікті жерлерін қамтитын 30 жаңа трансұлттық және өңірлік өнімдер әзірлеу бойынша арнайы жоба іске асады. Оның қатарына «Ұлы Жібек жолы» бойында ТОП 10 дистинациясы бар трансұлттық маршрут құру кіреді. Ұлттық және халықаралық деңгейде еліміздің туристік әлеуетін одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның 30 туристік өнімінің каталогы құрылады
», - деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Туризм бұл қазақ жерін таныстыру ғана емес, сұлу жерлер арқылы ақша табу. Туризмнің  ішкі сипаттары бар. Сыртқы, ішкі туризмнің қай-қайсын да дамытуға Қазақстанның әл-ауқаты жетеді. Оған табиғаттың да мол мүмкіндігі бар. туризм саласына ендігі атқарылар жұмыстар туралы сөзін министр: «Еліміздің туристік мүмкіндіктері мен әлеуетін шетелдік аудиторияға таныстыру мақсатында Алматы қаласына әлемнің 30 елінен келген 150 журналистің қатысуымен «Халықаралық шаңғышы журналистер» клубының жыл сайынғы кездесуі ұйымдастырылып отыр. Жалпы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестиция тартылып, нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биыл туризм саласында жоспарланған 30 инвестициялық жоба арасында Ақтау курорт аймағын дамыту шеңберінде Ақтау қаласында көпфункционалды туристік кешен құрылысын жалғастыру, Маңғыстау облысында көпфункционалдық емдеу-сауықтыру кешені, Алматы қаласындағы Holiday In Express қонақүйі сынды жобалар бар», - деп түйіндеді.

Құрылғанына көп болмаған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы да қазір заманға сай жаңғырып, туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналмақ. Бұрын діни туризмдің сипаты болса, енді жаппай туризмнің өлшеміне бет алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған облыстың бүгінгі ахуалы адам қызығарлықтай. Әрине, көптеген қаражатты қажет етеді. Осыған дейін де аз қаражат кетпеді. Министр Ақтоты Райымқұлованың туризм туралы сөзінен кейін Түркістанды да еріксіз ойға алады екенсің.

Түркістан қаласы үшін арнайы бағдарламаның да қажеті жоқ. Тек сервисті мықтап дайындаса жеткілікті. Оңтүстікте тұратын отандастарымыз қызмет көрсету жағына келгенде әбжіл. Әрине, тек қызмет қана емес, қызметтік мәдениет те керек.

Түркістан қаласы түркі жұртының рухани астанасы боп бекіді. Ол статусқа сай болу үшін өзіміз көп айтатын әлемдік стандартты ұмытпаған абзал. Дүйім түркінің рухани орталығы болған Түркістанда бабаларымыдың сүйегі жатыр. Хандар мен билер, батырлар мен шешендер сонда жерленген. Қазақтың ақсүйегі жататын жер. Ондай қастерлі жерді туристік нысан ретінде пайдалану бар. Бірақ ескеруіміз тиіс мәселелерді де қалыс қалдырмауымыз керек.

Министрдің есебінде туризмге осы Түркістан аймағы да кіреді.

Байланысты жаналықтар

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

23.09.2021

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

12.08.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Министр: Сәрсеновадан ақша алғам жоқ

14.05.2021

БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды

22.02.2021
MalimBlocks
Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

Министр Райымқұлова – ойыншық

Министр: Сәрсеновадан ақша алғам жоқ

БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды