Украина мен Англия ширек финалға шықты

Malim Админ

  • 30.06.2021

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады. 75-минутта Рахим Стерлинг ағылшындарды алға шығарды. 

Ал 85-минутта Харри Кейн Англияның екінші голын салды. Осылайша, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал ширек финалға соңғы жолдаманы Швеция мен Украина сарапқа салды. Ойын украиналықтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

27-минутта Александр Зинченко шведтер қақпасына гол соқты. Үзіліске дейін швециялық жартылай қорғаушы Эмиль Форсберг есепті теңестірді. 

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды

Ойынның 99-минутында Маркус Даниэльссон қызыл қағаз алып, шведтер он ойыншымен қалды. Ал 121-минутта Артем Довбик гол соғып, Украина құрамасына жеңіс сыйлады.

Енді ширек финалда Англия мен Украина құрамалары кездеседі. Бұл кезеңдегі басқа жұптар: Бельгия - Италия, Дания - Чехия және Швейцария - Испания

Байланысты жаналықтар

Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

27.09.2023

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

06.07.2023

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

27.06.2023

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

26.06.2023

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

26.06.2023

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

15.06.2023
MalimBlocks
Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

Біздің спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

Коньки тебуден Ресей құрамасының жаттықтырушысы екі спортшысымен Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Владимир Седов өзі тұратын Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Достық ауылындағы үйінде өлі күйінде табылды.

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланатын ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды,- деп хабарлайды компания сайты.

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

Команда 15 жылдан бері бюджеттен қаржыландырылады

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

Спорттық дәрігер, фармаколог, психолог  жоқ, кешенді топ қарастырылмаған