Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Құқық
СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное елді мекенін су тасқынынан қорғауға жәрдемдескен 10 жастағы Дастан Мырзабайдың ата-анасы әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.


Дастан осындан 3-4 күн бұрын желінің «жұлдызына» айналған еді. Жасөспірім квадроциклімен су тасқынымен күресіп жатқандарға ауыр қаптарды тасып көмектесті. 

Бірер күн бұрын баланың ата-анасына полиция 50 АЕК – 196 600 теңге айыппұл салды.

26 сәуірде СҚО Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізу барысында ауданның 34 жастағы тұрғыны өзінің 10 жасар ұлын квадроциклді басқаруға жіберді. Осы факті бойынша ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612- бабының 5-бөлігі бойынша - көлік құралын басқаруды оған құқығы жоқ адамға бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция заңнаманы сақтау қажеттігіне назар аударады. Балалардың және су тасқыны салдарын жоюға қатысушылардың қауіпсіздігі – басымдыққа ие. Көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз және кез келген жұмысты орындау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз, - деп жауап берді СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, СҚО-да су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Фото: видеодан скрин 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу