Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Әлем
Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні журналистерге Ресей президенті әзірге оған кім баратынын нақтыланған жоқ деді. Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

“Президенттен тиісті нұсқаулық түскен кезде кірісеміз. Әзірге ондай нұсқаулық болған жоқ” деді Песков. Оның сөзінен “Интерфакс” үзінді келтіреді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Стамбұлдағы келіссөзде Ресей басшысы Владимир Путинмен бетпе-бет кездесуге дайын екенін, Ресей басшысын сол жақта күтетінін айтқан еді. Бірақ ол одан төмен дәрежедегі Ресейдің лауазымды тұлғаларымен кездеспейтінін ескерткен.

Айта кетейік, Украина-Ресей келіссөзі 15 мамырда Стамбұлда өтеді.  

Фото: AP

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу