Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

Сұқбат
Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды.  Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлады.  

Мәліметтерге қарағанда, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұқар Жырау көшесінде  тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиғаға  жылыту радиаторларының зақымдануы себеп болған. 

Шақырту нәтижесінде жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Тексеру кезінде қонақ бөлмесіндегі еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.        

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу