Ресейдің Иваново облысында бортында жеті адам болған Ан-22 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, Иваново облысында Ан-22 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта жеті адам болған, - деп хабарлады жедел қызмет ТАСС агенттігіне.
Құтқарушылар апат орнына шықты. Апат Уводьское су қоймасының маңында болды, ұшақ сынықтары судан табылған. Ан-22 ұшағы жөндеуден кейін жоспарлы ұшуын өткізгені хабарланды.
- Ұшақ жөндеуден кейін жоспарлы ұшуын өткізген. Ол Уводьское су қоймасының маңында құлаған, ұшақ сынықтары судан табылды, - деді дереккөз ТАСС-қа.