Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Швейцариядағы өрттен қанша адам зардап шеккені анықталды

Әлем
Швейцариядағы өрттен қанша адам зардап шеккені анықталды
BILD

Жаңа жыл түні Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы Le Constellation барындағы өрт 40 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың жасы 14 пен 39 аралығында, марқұмдардың 15-і кәмелет жасқа толмаған, деп хабарлайды ВВС.


Құрбандар арасында Швейцария, Италия, Румыния, Түркия, Португалия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания және Израиль азаматтары бар.

Оқиғада 119 адам зардап шекті, олардың көпшілігі ауыр күйікпен ауруханаларға жеткізілді. Алты мәйіттің жеке басы әлі анықталған жоқ.

Барды басқарған ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Швейцарияның оңтүстік-батысындағы Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы барда болған өрттен шамамен 40 адам қаза тауып, 110-нан астам азамат жарақат алды.

Олардың арасында француз футболшысы да бар. «Мец» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Тахирис Дос Сантос ауыр жарақат алып, Германияның Штутгарт қаласындағы күйік шалған науқастарды емдеуге маманданған медициналық мекемеге жеткізілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу