freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент-Бадам тасжолында бір әулеттің үш мүшесі қаза тапты

Оқиға
Шымкент-Бадам тасжолында бір әулеттің үш мүшесі қаза тапты
видеодан скрин

Шымкент-Бадам бағытындағы тасжолда болған ауыр жол апатынан бір әулеттің үш мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 9 тамызда болған. Оқиға кезінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.

Салдарынан 44 жастағы әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Олар мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын алу үшін Арыс қаласынан Шымкентке шыққан.

Шымкент – Бадам автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ полиция тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданатынын нақтылады.



 



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу