freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент пен Алматы қалаларында некеге мәжбүрлеу өршіп тұр

Қоғам
Шымкент пен Алматы қалаларында некеге мәжбүрлеу өршіп тұр
ҚР ІІМ

Биыл қаңтар айынан бері некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері бойынша 31 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған сәттен бастап, Қылмыстық кодекске жаңа нормалар енгізу бөлігіндегі заңнаманың новеллалары, оның ішінде сталкинг және некеге тұруға мәжбүрлеу бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланды. Сонымен қатар жаңа нормалардың іске асырылуын талдау уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың оларды түсіндіру және оларды практикада қолдану бойынша қабылдаған шараларының жеткіліксіздігін көрсетті, — деді Үкімет басшысы.

Оның мәліметінше, 2025 жылы 16 қыркүйекте заң күшіне енген күннен бастап ҚК-тің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша 15 қылмыстық іс және ҚК-тің 125-1-бабы (некеге тұруға мәжбүрлеу) бойынша 12 қылмыстық іс тіркелді.

Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар азаматтардың заңнаманың новеллалары туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ жаңа қылмыстық-құқықтық нормалардың іс жүзінде қолданылуының алдын алу және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандырды. Бұл ретте құқық қорғау органдарында қылмыстық және әкімшілік заңнаманың жаңа нормаларын іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша жеке құраммен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, — деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, аталған жұмыс аясында тіркеу тәртібі туралы ережелер, өтініштер мен хабарламаларды қарау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тәртібі түсіндіріледі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы жылдың басынан бастап сталкинг фактілері бойынша 79 қылмыстық іс және некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері бойынша 31 қылмыстық іс тіркелді, — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының жауабына берілген анықтамаға сәйкес, ҚК-нің 115-1 бабы бойынша (сталкинг) Шымкент — 23, Астана — 16, Алматы — 8, Павлодар және Қызылорда — 7, Абай және Түркістан — 3, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан — 2, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары — 1 іс, ал ҚК-нің 125-1 бабы бойынша (некеге тұруға мәжбүрлеу) Шымкент қаласында — 15, Түркістан облысында — 10, Алматы және Қызылорда облыстарына — 2, Алматы қаласында және Жамбыл облысында 1 іс тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды некеге мәжбүрлп, қарсылық танытқаннан кейін пышақтап өлтіргенін жазғанбыз.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу