Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент тұрғыны полиция атын жамылып, тұрғындарды бопсалаған

Сұқбат
Шымкент тұрғыны полиция атын жамылып, тұрғындарды бопсалаған

Шымкентте өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, тұрғыннан ай сайын 80 мың теңге бопсалаған ер адамды ұсталды. 

Жергілікті тұрғын департаменттің кезекші бөліміне жүгінгеннен кейін полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Әйел полиция қызметкерлеріне тәртіп сақшысы ақша талап етіп жүргенін, әріптестерінің озбырлығынан қорғауын өтініп хабарласқан. 

"Қала тұрғынының айтуынша, белгісіз біреу өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел өкілі ретінде таныстырып, тұрғынды құқық бұзушылық үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Бұл ретте ол әйелден әкімшілік жауапкершілікті болдырмау үшін ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беріп отыруын талап етті", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Арызданушыдан түскен ақпаратты тексерумен өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысқан. Нәтижесінде күдікті біраз уақыттан кейін бопсалауға күдікті ақша аудару кезінде ұсталған. 

"Тексеру барысында күдіктінің полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екені анықталды", - деп толықтырды ведомство. 

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу