freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдіктіге қатысты ел естімеген сұмдық дерек шықты

Қоғам
Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдіктіге қатысты ел естімеген сұмдық дерек шықты
ашық дереккөзден

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдіктіге тағылған айыптардың бірі қатаңдатылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісовтің мәлімдеуінше, тергеу барысында күдіктінің әрекеті қайта сараланған.

"Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына – ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабына ауыстырылды", – деді адвокат.

Аталған бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып не онсыз өмір бойына түрмеге қамау жазасы қарастырылған.

Қазіргі таңда іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр:

  • 99-бап, 2-бөлім, 5-тармақ – ерекше қатыгездікпен адам өлтіру;
  • 125-1-бап – некеге тұруға мәжбүрлеу;
  • 115-1-бап – сталкинг.

Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкентте болған. Күдікті Нұрай Серікбайды пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Ол екі күннен кейін ұсталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2025 жылдың қазан айында марқұмды еркінен тыс алып қашқан. Бұл әрекетке Нұрай да, оның отбасы да қарсы болған. Аталған дерек бойынша полицияға арыз түсіп, күдікті бұдан былай қызға жоламайтынына уәде бергеннен кейін, марқұм оған кешірім бергені белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі бұл қылмыстық істі ерекше бақылауға алып, арнайы жедел-тергеу тобын құрғанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу