Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте дүкен маңынан адам сүйегі шықты

Оқиға
Шымкентте дүкен маңынан адам сүйегі шықты

Шымкентте дүкен маңынан адам сүйегі табылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Malim.kz жазды.

Шымкенттік тұрғын дүкен маңынан адам сүйектері салынған целофан пакет тауып алған. Пакетте бас сүйек те болған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Полиция оқиға орнына дереу жеткен.

"Табылған сүйектер жерлену мерзімін анықтау үшін сараптамаға жіберіледі. Айта кетейік, өткен жылы бұл аумақта құрылыс жұмыстары кезінде қорым табылған болатын. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, оларға шамамен 25–30 жыл болған", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Полиция мұндай жағдайларда міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарласып, полиция келгенге дейін өз бетімен ешқандай әрекет жасамау керектігін ескертті.

Фото: Pixabay / Zezya  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу