freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте есірткі таратумен және оған қатысты граффити салған адам ұсталды

Құқық
Шымкентте есірткі таратумен және оған қатысты граффити салған адам ұсталды
иллюстрациялық сурет

Шымкент қаласында полицейлер синтетикалық есірткі таратумен және есірткіге қатысты граффити салумен айналысты деген күдікке ілінген ер адамның әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Күдікті рейдтік іс-шаралар кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Тексеру барысында ер адамнан сатуға дайындалған психотроптық заттары бар шамамен 40 орама табылды.

Тергеу мәліметінше, ер адам қала аумағындағы жасырын орындарға есірткі қойып, кейін мессенджерлер арқылы олардың координаттарын жіберіп отырған.

Сондай-ақ, ұсталған адамның қаланың әртүрлі аудандарындағы ғимараттардың қасбеттері мен қабырғаларына есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын наркограффити салғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу