Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТЕГІН

Сұқбат
ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТЕГІН

ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТЕГІН

Шымкентте мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 170-180 тапсырыс қабылданады.   Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады. Инватакси қызметі тегін.

Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып тұрады. Мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған.

Бекітілген 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.  Оның ішінде: бірінші топ-3324, екінші топ-14 950, үшінші топ – 12 288. Ал 18 жасқа дейінгі 6484 мүгедек бала тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу