freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Құқық
Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды.

— Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеру ұйымдастырып», бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес екенін ескертеді. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу