Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте мас адам автобуста бұзақылық жасып, ақырында жолаушы әйел қаза тапты

Құқық
Шымкентте мас адам автобуста бұзақылық жасып, ақырында жолаушы әйел қаза тапты

Қайғылы оқиға 15 тамыз күні таңертең Сайрам тұрғын алабында болған. №148 бағыттағы қоғамдық көлікте ер адам мас күйінде жүргізушіге жұдырықпен дүрсе қоя берген. Otyrar жазуынша, нәтижесінде жүргізуші күрт тоқтап, сол уақытта шығаберісте тұрған әйел жерге құлап, басын қатты соғып алған. Алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мас жолаушының қолынан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Жараланған жүргізуші ауруханада жатыр. Қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз жүргізуші аймағын жолаушылардан оқшаулауды, әйнек қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, деп түсіндірді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

Полиция департаменті бұзақының ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторында екенін хабарлаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр, делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: otyrar.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу