freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Тағдырларыңды өз қолдарыңа алыңдар»: Трамп Иран халқына үндеу тастады

Әлем
«Тағдырларыңды өз қолдарыңа алыңдар»: Трамп Иран халқына үндеу тастады
Фото: truth social

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран армиясын қаруын тастауға, ал ирандықтарды үкіметті құлатуға шақырды. АҚШ президенті сөз сөйлеп, америкалық әскерлер Иранның ядролық бағдарламасына қарсы әскери операция бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біз олардың зымыран бағдарламасын жойып, флотын толық талқандағымыз келеді», – деді АҚШ басшысы.

Трамп Иран армиясын қаруын тастауға үндеді.

«Ислам революциясы сақшылар корпусының, армия мен полицияның мүшелері, сендер қаруды тастауларың керек, әйтпесе өлтірілесіңдер», – деп қоқан-лоққы жасады ол.

Трамп АҚШ-тың мақсаты Ирандағы билікті ауыстыру екенін тікелей айтқан жоқ. Ол ел тұрғындарын алғашқы уақытта үйлерінен шықпауға шақырды, себебі «зымырандар барлық жерде болады» деді.

Алайда кейін, Трамптың сөзінше, «бостандық сағаты» және «бірнеше ұрпақ үшін жалғыз мүмкіндік» туады, «біз сендердің үкіметтеріңмен аяқтаған кезде».

«Тағдырларыңды өз қолдарыңа алыңдар», – деді Ақ үй басшысы.

Еске салайық, бүгін Израиль АҚШ-пен бірлесіп, Тегеранға соққы жасады.

Бұған жауап ретінде Иран Израиль, Катар және БАӘ-ні атқылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу