freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таяу Шығыстан жеткен тосын хабар: Израиль Иран әскерінің бас қолбасшысын өлтіргенін мәлімдеді

Әлем
Таяу Шығыстан жеткен тосын хабар: Израиль Иран әскерінің бас қолбасшысын өлтіргенін мәлімдеді
Malim.kz коллажы

Израильдік ақпарат көздері 28 ақпан, сенбі күні таңертең АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылы кезінде Иран әскерінің бас қолбасшысы Амир Хатами қаза тапты деп хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ. Иран билігі де, басқа ресми дереккөздер де бас қолбасшының қаза болғаны жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.

Сонымен қатар соққылар салдарынан бейбіт тұрғындардың зардап шеккені белгілі болды. Бірақ олардың нақты саны мен алған жарақаттарының сипаты әзірге жарияланған жоқ.

Иран президенті Масуд Пезешкианның шабуыл кезінде зардап шекпегені де хабарланды.

Айта кетейік, АҚШ пен Израиль бүгін таңертең Иран аумағында ауқымды әскери операция бастаған. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тарту мүмкіндігін жоққа шығарғаннан кейін соққы жасалған.

"Біздің мақсатымыз – Иран режимінен төнетін тікелей қауіптерді жою арқылы Америка халқын қорғау. АҚШ-тың, соның ішінде менің әкімшілігімнің саясаты әрқашан мынадай болды: бұл террористік режим ешқашан ядролық қаруға ие болмауға тиіс. Қайталап айтамын, олар ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек. Америкалықтар шығынға ұшырауы мүмкін, біздің қызметкерлеріміздің арасында құрбандар болуы ықтимал", – деді Трамп өзінің үндеуінде.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, әуе соққылары бірнеше күн қатарынан жалғасуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу